Мәжілісте спорттағы сыбайлас жемқорлық жанжалдарына қатысты мәселе көтерілді
2022 жылғы 12 қаңтар 13:31

Мәжілісте спорттағы сыбайлас жемқорлық жанжалдарына қатысты мәселе көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттағы сыбайлас жемқорлық жанжалдарына қатысты шара қабылдауды сұрап, спортшыларды қорғауға қатысты тиісті қадамдар жасалуы керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде созылмалы сипатқа ие спорттық ортада, оның ішінде Қазақстан жақсы нәтижелерге жетеді деп сенетін спорт түрлері бойынша сыбайлас жемқорлық жанжалдары жиі жарияланып келеді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының арасында спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, спортшылардан оларды дайындау мен өнер көрсетуге бөлінген ақшаны қорқытып алу қылмыстары да бар. Мәселен, 2021 жылдың қазан айында фристайлдан ұлттық құрама спортшысы Александр Геберт және басқа спортшыларды оларға түскен тәуліктік қаражатты бас бапкердің жеке шотына аударуға бас тартуларына байланысты құрамадан шығарылған кезде жанжал туындады. Бейне хабарламадан көрініп тұрғандай, жұмыстан босату 2020 жылы орын алып, спортшының кәсіби жарамсыздығына сілтеме жасалды», - деді депутат Андрей Линник Бас прокуратураға жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, өз кезегінде бас жаттықтырушы дау-дамай туралы көзқарасын айтып, жаттықтырушылар көбінесе өз есебінен спортшылардың тамақтануын, кейде тұратын жерін төлеуге мәжбүр болатындығын түсіндірді. Осыған байланысты ол спортшылардан шығындарды өтеуді сұраған.

«Жаттықтырушының пікірінше, бұл жағдай біздің спортта кең таралған құбылыс. Алайда, әйел жаттықтырушы спортшымен сөйлесуде әдепсіз сөздерді қолданып, оны қорлаған. Бұл диалогтардың аудио жазбасы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда наразылық тудырды. Осы орайда мұндай шығындарға бюджеттен бөлінген қаражат қайда кетті? Мәдениет және спорт министрлігінің жаттықтырушының орынсыз мінез-құлқына реакциясы қайда? Ең қауіптісі, түсініктемелерге сүйенсек, бұл жағдай тіпті ерекшелік емес, бұл жағдай – қазақстандық спорт үшін ереже», - деді депутат.

Сонымен қатар ол өткен жылдың қараша айында Степногор қаласындағы олимпиада резервінің мектеп-интернатында жанжал болғанын еске салды.

«Спорттағы сыбайлас жемқорлық мәселесі шешілмейінше, болашағы бар жастардың тағдыры бұзыла береді, ал қазақстандық спорт өз чемпиондарын өсірудің орнына дайын шетелдік легионерлерді «импорттайтын» болады», - деді Андрей Линник.

Баяндалғанның негізінде, «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесілерді сұрайды:

1) Степногорск қаласындағы спорт мектеп-интернатында балаларды қорқыту және ұрып-соғу фактілері бойынша қандай шаралар қабылданғанын хабарлау;

2) Барлық мектеп-интернаттарды әлімжеттік және қорқыту фактілеріне тексеру жүргізу, балаларды қорлық пен бопсалаудан қорғау;

3) Фристайлшы Герберттің өтініші бойынша тексеру нәтижелері туралы хабардар ету немесе егер ол әлі жүргізілмеген болса, оны жүргізу;

4) Альберт Линдердің өзіне-өзі қол жұмсаудағы жаттықтырушылардың рөлін және олардың заңды әрі моральдық құқығын, сондай-ақ ауыр атлетика құрамасының жұмысын одан әрі басқаруын айқындау.

Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы спортшы Альберт Линдердің қазасына қатысты жайтқа орай ресми мәлімдеме жасады.



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT