Мәжілісте Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасына қатысты мәселелер қаралды

None
None
Астана. ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады бүгін Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Ол бойынша Мәжіліс депутаттары Сербиямен халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарамақ.

Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ, осындай тасымалдарды орындауға рұқсат берілген тасымалдаушылардың жоғарыда аталған мемлекеттердің аумақтарында тіркелген көлік құралдарымен үшінші елдерге тасмалдарын реттейді.

Сондай-ақ, жалпы отырыста депутаттар мәдениет мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар