Мәжілісте салық міндеттерін шешуге арналған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының маңызды бағыттары ретінде салық жүйесін реформалау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, инвестициялар тартуды ынталандыру, бизнес-ортаны дамыту, тарифтік саясатты және монополияға қарсы реттеуді жетілдіру және басқа шалар ескерілген.

«Жүргізілген цифрландыру мен жүйелерді жаңғыртуды ескере отырып, қолданыстағы рәсімдер қайта қаралды. Мемлекеттік қызметтер бойынша электрондық форматқа ауыстыру, оларды көрсету мерзімдерін қысқарту, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату рәсімін оңтайландыру ұсынылады. Салық есептілігін тапсыру мүмкіндігі кеңейтіліп, енді оны бір реттік парольді пайдалану арқылы ұсынуға болады», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді.

Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады.

Р.Дәленовтың сөзіне қарағанда, салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, тұрақты әлеуметтік маңызы бар автомобиль тасымалдары бойынша қосылған құн салығынан 3 жылға босату ескеріліп отыр.

«5G жаңа байланыс түрін құруға инвестициялар тарту және жасанды интеллектіні дамыту мақсатында радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін 5 жыл мерзіміне 10 есеге дейін төмендету ұсынылады», - деді Руслан Дәленов.



Соңғы жаңалықтар