Мәжілісте сақтандыру мәселелеріне арналған заң жобасы талқыланды

None
None
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің сақтандыру заңнамасын одан әрі жетілдіре түсу болып табылады. Осы бағытта сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты реттеуіш талаптарды жетілдіру бойынша іс-шаралар қамтылатын болады. Сонымен бірге, құжатпен өмірді сақтандырудың жинақтаушы жүйесін дамыту, сақтандыру делдалдары қызметіне қатысты нақты құқықтық негіз қалыптастыру, сақтандыру статистикасының толыққанды базасын қалыптастыру жолымен тарифтік саясат мәселелерін шешу шаралары да көзделіп отыр. Сондай-ақ отандық және халықаралық тәжірибелерді ұштастыра отырып сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту ұсынылады.

 Бұл ретте сақтандыру агенттері қызметіне талаптарды арттыру шарасы көзделіп отыр. Атап айтқанда, агенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мен сақтандыру ұйымдарын оқыту, ондай агенттердің реестрін міндетті түрде жүргізу мәселелері қамтылатын болады.

 Мамандардың айтуынша, заң жобасын қабылдау сақтандыру қызметін құқықтық реттеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құжат күшіне енсе сақтандыру туралы және сақтандыру қызметі туралы заңдарды іс жүзінде іске асырумен байланысты бірқатар проблемалар шешіледі. Сондай-ақ азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сақтандыру қорғауының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге құқықтық жағдайлар мен алғышарттар жасалады.

Соңғы жаңалықтар