Мәжілісте нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға арналған жоба талқыланды

None
None
АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты  объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасын қабылдау мемлекетімізде тәуекелдерді басқарудың заманауи әдіснамаларын енгізуге жағдай жасайды.  Бұнымен қоса, құжат азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, қоршаған ортаны зиянды заттармен ластанудан сақтауға, қауіпті, апат тудыратын өндірістік факторлардың алдын алуға бағытталады. Қолданыстағы заңнамада апаттардың алдын алу мен реттеуде әкімшілік жауапқа тарту көзделіп, экономикалық салмақ салу жағы өте әлсіз қарастырылған. Сондықтан да, осы жоба қауіпті өндірістік нысандарды иеленушілер үшін  әкімшілік ресурстардан басқа, экономикалық мәселелерді де кеңінен қамтитын болады. Бұл шара өз кезегінде нысанды иеленушілер үшін қарамағындағы жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасауын арттыра түседі», деді Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров. Оның айтуынша, заң жобасының «Экологиялық сақтандыру туралы» қолданыстағы заңнамадан негізгі айырмашылығы бұл құжатта Төтенше жағдайлар министрлігінің апаттардың және  адам өлімінің алдын алу жөніндегі құзіреті мен өкілеттігі толық көрініс тауып отыр. «Бұл ретте нақты технологиялық жүйелер мен нақты болуы мүмкін апат пен қауіптер  зерделеніп, қажетті экономикалық шараларды жүзеге асыру қарастырылады. Ондағы негізгі мәселе де өндіріс қауіптілігі жоғары кәсіпорындарға қатысты болып табылады. Яғни, кәсіпорын жұмысы қауіпсіз болса, нысанға қатысты ешқандай мәселе болмақ емес, ал оның қызметінен адам өміріне, қоршаған ортаға үлкен қауіп сезілсе, бұл кәсіпорын сәйкесінше сақтандыру төлемдерін жасайды, әрі сол нысан уәкілетті органдар тарапынан жиі-жиі тексеруге жатады», деді вице-министр. 

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар тарапынан 80-ге тарта ұсыныстар енгізіліп, бұл жұмыс тобында мақұлданған.  Құжат палатаның жалпы отырысына шығарылатын болып келісілді.

Соңғы жаңалықтар