+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мәжілісте Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

2021 жылғы 26 қараша 11:01
Бөлісіңіз:
Мәжілісте Нұрлан Нығматулин ТүркПА Бас хатшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) жаңа Бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эрды қабылдап, алдағы жұмыс бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді Нұрлан Нығматулин: Тұңғыш Президент – парламентаризмнің қазақстандық моделінің негізін қалаушы және авторы

Отырыста палата Спикері Түркістанда ТүркПА-ның X-ші пленарлық отырысы жоғары деңгейде өткізілгенін, сондай-ақ жуық арада Ыстанбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-ші саммитінде тарихи шешімдер қабылданғанына назар аударды.

Нұрлан Нығматулин атап өткендей, соның ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауы «Түркі мемлекеттері ұйымы» атауына өзгерді. «Түркі әлемінің келешегі - 2040» құжатының қабылдануы, сонымен қатар Түрікменстанның ұйымға бақылаушы мәртебесіне ие болуы Ұйым дамуындағы жаңа кезең.

Мәжіліс Төрағасы ТүркПА-ның да атауын «Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы» деп өзгертудің уақыты келді деп санайтынын айтып, Хатшылық бұл мәселені заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету керектігіне мән берді.

Отырыс барысында ТүркПА-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру және жақындастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілу қажеттілігі айтылып, ТүркПА-ның 2022-2027 жылдарға арналған заң жобалау қызметінің бағдарламасына ерекше назар аударылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT