Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқылануда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін жиында партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуы талқылануда», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Парламентте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жиынға «Nur Otan» партиясы және оның Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар