Мәжілісте мұнай-газ-химия саласын дамыту мәселелері талқыланып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте «Қазақстан Республикасының мұнай және газ химиясын дамыту перспективалары туралы» кеңейтілген тақырыптық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің басшылары, мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП, «Adal», «Ауыл» партияларының, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері және басқалар қатысуда.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында тез арада қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларда қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажеттігін айтқанын еске салды.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз баяндамасында мұнай-газ химиясы секторын дамыту туралы ведомствоның пайымын ортаға салды.

Министрдің айтуынша, алдағы жоспарлар өңірлік тұтыну нарығын дамытуға серпін беретін ірі мұнай-газ химиясы өндірістерін құруға бағытталмақ. Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев аталмыш өндіріс ошақтарын бірыңғай аумақта орналастыруға баса назар аударылып, мұнай-газ химиясы үшін қажетті шикізат шығаратын өңдеу қуаттарын құруға ірі мұнай-газ кен орындарының шикізаттық әлеуетін пайдалану көзделіп отырғанын атады.


Соңғы жаңалықтар