Мәжілісте микроқаржы ұйымдарына қатысты өзгерістер талқыланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Дания Еспаеваның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамытуға, банк қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіруге және микро және шағын кредит беру үшін микроқаржы ұйымдарының әлеуетін кеңейтуге бағытталған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына 2022 жылы 27 сәуірде мақұлдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілген болатын. Парламент Сенаты 9 маусымда заң жобасын кері қайтарды.

«Сенат 7 түзетуді енгізді. Соның ішінде 6 түзету редакциялық нақтылау сипатында және 1 түзету – заң техникасы бойынша. Сенат енгізген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, комитет ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заңы жобасын Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады», - деді Д. Еспаева.

Айта кетейік, заң жобасында Қазақстанның 5 кодексіне және 35 заңына өзгерістер енгізу көзделеді.


Соңғы жаңалықтар