Мәжілісте «М. Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты конференция өтті

None
None
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде белгілі қоғам қайраткері Марат  Оспановтың 60 жылдығына орай «Марат Оспанов және Қазақстан парламентаризмінің қалыптасуы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Конференцияның басты мақсаты - белгілі қоғам қайраткері М. Оспановтың ғылыми және қоғамдық-саяси мұрасын зерттеу мен жинақтау, ғалым-экономист әрі елдегі парламентаризм мен партиялық жүйенің бастауында тұрған прогресшіл реформатордың көпқырлы тұлғалық қасиеттерін ашып көрсету. Шараны ҚР Парламенті Мәжілісі мен М. Оспанов атындағы Қоғамдық қор бірлесіп ұйымдастырған. Жиын  қоғам қайраткері туралы түсірілген бейнефильмді көрсетумен басталды.

Басқосу барысында М. Оспановтың бұрынғы әріптестері - сенатор Оралбай Әбдікәрімов, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев,  депутаттар Гүлжан Қарағұсова, Айткүл Самақова және Мәжіліс аппаратының қызметкерлері сөз сөйледі. М. Оспановтың тұлғалық қыр-сыры туралы ой қозғалып, оның тәуелсіз Қазақстандағы тұңғыш кәсіби палаталы парламентті қалыптастырудағы рөлі жоғары бағаланды.  «Парламентте ол өзінің қайсарлығымен, күнбе-күнгі әр отырыс сайын халық қалаулыларын Үкіметтің «қол баласына» айналдыруға қарсы күресімен көпшіліктің есінде қалды. Оның тұсында депутаттар өз күштерін алғаш рет сезінгендей болды. Оның басқаруында Парламент турашыл, бірбеткей, мүмкін жанжалды да кездері болған деседі, тек көнгіш, жуас, ығына жығылу болмаған. Себебі оның бірінші спикері Марат Оспанов көне салуды, бұғып қалуды білмеген», делінген тұлғаның библографиялық жинағында.

М. Оспанов басқарған төрт жыл ішінде (1995-1999)  Парламент толыққанды еңбек етіп, 570-ке тарта заң жобасын қараса, оның 408-і қабылданған.

Соңғы жаңалықтар