+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Мәжілісте қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжат мақұлданды

2020 жылғы 30 қыркүйек 12:12
Бөлісіңіз:
Мәжілісте қос азаматтықпен күресуге бағытталған құжат мақұлданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Үкіметі мен Беларусь Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды

Құжат аясында тараптар көші-қон, екінші тарап мемлекетінің аумағындағы бір тарап мемлекеті азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде өз мемлекеттерінің заңнамалары мен халықаралық міндеттемелеріне сәйкес ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

«Біріншіден, статистика мен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екіншіден, азаматтар туралы жеке ақпарат алуға болады. Үшіншіден, екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне практикалық көмек көрсетеді», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, келісімде көші-қон саласындағы қылмыстармен күресуге қатысты қадамдар ескерілген. Беларусь Парламенті келісімді 2020 жылғы 18 мамырда бекітті.

«Жалпы, Ішкі істер министрлігі көші-қон бойынша 23 халықаралық келісімді бекітті. Халықаралық деңгейде тағы да 9 келісім дайындалуда. Осы құжаттардың нәтижесінде заңсыз көші-қон бойынша ақпарат алмасу жолға қойылады, адамдарды басқа елдерге қайтару мәселесін шешеді. Сонымен қатар, шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі анықталады әрі қос азаматтыққа жол бермеу тетіктерін қамтиды», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT