Мәжілісте қашықтан оқыту мен түлектердің стрестік жағдайына қатысты мәселе көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыруға қатысты болды. Осы орайда сауал Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестіні жаңа форматта тапсыруда. Бейнекамераларды орнату және «прокторинг» жүйесінің арқасында Білім министрлігі тестілеу процесті ашық түрде өткізіп жатыр. Сонымен қатар, биыл түлектер қажет болған жағдайда тестіні қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Мұның бәрі жақсы және дұрыс шаралар, бірақ ата-аналар ҰБТ-ны қайта тапсыру мерзімінің белгісіздігіне байланысты депутаттарға жүгінді. Бұл мерзім нормативті түрде анықталмаған, бірақ ауызша тамыз айының соңы деп аталды.

Өткен оқу жылын қашықтан оқыту және осыған байланысты стрестік жағдай, түлектер көрсеткіштерінің нашарлауына ықпал еткенін атап өткен жөн», - деді депутат Серік Ерубаев.

Оның айтуынша, балалардың көпшілігі мектепте жақсы көрсеткіштерге ие болды және тестілеудің нашар нәтижелерін өте ауыр қабылдады. Отбасылардың көпшілігі мемлекеттік органдарды қашықтан оқытудың төмен сапасын кінәләп, наразалық білдіріп жатыр.

«Мұндай шағымдар үшін объективті негіз бар екенін мойындау керек. Сонымен қатар, көптеген ата-ана балаларының осы алғашқы үлкен сәтсіздікке реакциясы туралы алаңдаушылық білдіріп отыр. Өткен жылдардың статистикасын бәріміз білеміз, қанша түлек стреске төтеп бере алмады. Осы орайда жастарымызды табандылықпен жігерлендірген дұрыс болар еді. Сондықтан біздің түлектеріміздің алдыңда есік жабудың қажеті жоқ. Олардың арасында болашақ жетекшілер, таланттар әрі лайықты азаматтар шығуы мүмкін. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары біздің түлектерімізді ҰБТ-сыз, өз ережелері бойынша қабылдайтынын да ескеру қажет», - деді депутат.

«Қайта тапсырудың алшақтауының әсері, кейбір талапкерлердің Қытай, Латвия, Чехия, Венгрия, Украина және тағы басқа елдердің университеттеріне түсуге мәжбүрлейді. Ресейдің кейбір жоғары оқу орындары жылдың басынан бастап бастап ең жақсы оқушыларды шақыра бастады, сол себепті мыңдаған дарынды балалар Қазақстаннан ҰБТ-ға дейін кетеді. Осылайша, біз ҰБТ-ны қайта тапсырудың кешіктірілуі ештеңеге негізделмеген және айқын тәуекелдерге алып келеді деп есептейміз. Осыған байланысты, құрметті Ералы Лұқпанұлы, сізден шұғыл түрде Білім министрлігіне қайта тестілеуді қысқа уақыт ішінде ұйымдастыруды және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсыруыңызды сұраймыз», - деді Серік Ерубаев.


Соңғы жаңалықтар