Мәжілісте халықаралық шарттарға қатысты құжат мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайдыь ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы халықаралық шарттар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Құжатты Парламент депутаттары даярлады.

«Жоба 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған», - деді Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына қарағанда, «парафирлеу», «қол қою», «өкілеттіктер», «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралады.

Бұдан қоса, депутаттар редакциялық сипаттағы түзетулер мен нормаларды заң техникасына сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізді.


Соңғы жаңалықтар