Мәжілісте Есеп комитеті туралы заң жобасының таныстырылымы өтті

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы» заң жобасының таныстырылымы болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Парламент сессиясын ашу барысында мемлекеттің қаржылық бақылау жүйесін нығайту, оның ішінде Есеп комитетінің рөлін арттыру  туралы мәселе көтерген болатын. Осыған орай, бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы базалық заң қабылдаудың қажеттілігі туындап, Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру үшін Президент Әкімшілігімен іс‑шаралар жоспары бекітілді. Соның негізінде  6 тарау мен 26 баптан тұратын «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламенттің қарауына ұсынылып отыр», деді депутаттарға таныстыру рәсімін жүргізген Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев.

Оның айтуынша, комитетке қатысты арнайы заң қабылдау осы саладағы бірқатар маңызды қажеттіліктен туындаған. «Атап айтқанда, еліміздің Конституциясында көрсетілген  барлық мемлекеттік органдардың қызметтері өздеріне қатысты арнайы заңдармен реттеледі. Осы тұрғыдан алғанда, өкінішке қарай, Есеп комитеті еліміздегі өзіндік заңнамалық базасы жоқ жалғыз мемлекеттік орган болып отыр. Тіпті жоғары қаржылық бақылау органдарының басын құрайтын ЕУРОСАИ, АЗОСАИ халықаралық ұйымдарының құрамында да  Қазақстанның Есеп комитеті өзіндік заңнамалық базасы жоқ орган болып табылады», деді О. Өксікбаев.

О. Өксікбаевтің айтуынша,  шетелдік жоғары қаржы  бақылау органдарының базалық заңнамаларында міндетті түрде аталған органның қызметіндегі тәуелсіздік пен ашықтықты қамтамасыз ететін нормалар қамтылған. Бұнда жоғары қаржы бақылау органы мүшелерінің құқықтық мәртебесі де қамтылып, олардың қаржылық бақылау шарасын жүргізу барысындағы жұмысының тиімділігін қамтамсыз ететін нормалар көрініс табады.

Соңғы жаңалықтар