Мәжілісте энергияны үнемдеуге бағытталған жобаның таныстырылымы болып өтті

None
None
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Энергия үнемдеу туралы» және «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық  актілеріне  энергия үнемдеу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, құжат өнімнің энергия сыйымдылығын азайту, отын-энергетика кешенінің экономикалық тиімділігі мен жұмыс істеу сенімділігін арттыру мақсатында энергия үнемдеу саласындағы нормаларды жетілдіруге бағытталып отыр. Сонымен бірге, құжат  «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы сәуірдің 6-сындағы Жарлығына сәйкес әзірленген.  Министрдің сөзіне қарағанда, құжатты қабылдау энергия пайдалану туралы қазақстандық заңнаманы жетілдіруге, әртүрлі мемлекеттік органдар арасындағы міндеттерді нақты бөлісуге, заңнамалық нормалардың тікелей әрекетін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. «Жалпы, қуат көзін үнемдеудің негізгі мақсаты экономиканың барлық салаларында, тұрғын үй секторында және тұтас алғанда елімізде энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта заң жобасы энергияны ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған нақты ұйымдастыру, экономикалық және басқа іс-шаралар мен тетіктер үшін негіз жасайды», деді министр. Сонымен бірге, бүгінгі күні қоғамда энергия пайдалануды барынша азайту дағдысын орнықтыру, яғни энергия үнемдеу тәртібін енгізу өзекті мәселе болып табылады. Бұл ретте тәжірибелер энергия үнемдеу тәртібі энергия үнемдеудің барлық әлеуетінің 2-10 пайызын құрауы мүмкіндігін көрсеткен. Энергия тиімділігін арттыру экологияға қолайлы әсер етеді. Зиянды шығарындылар (соның ішінде парник газдар) едәуір дәрежеде қазынды отынды пайдаланушы энергетика көздерімен байланысты. Тиісінше отынды аз тұтыну шығарындыларды азайтады және экологиялық ахуалды жақсартады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін заң жобасымен бірқатар қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізу күтіледі.

Соңғы жаңалықтар