Мәжілісте ЕАЭО аясында кедендік тексеруге қатысты құжат мақұлданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армения Республикасындағы заңнамалық өзгерістерге байланысты Армения Республикасы шартқа өзгерістер енгізу туралы мәселеге бастамашылық жасады. Түзетулер лауазымды тұлғалар тізбесі бойынша кедендік жете тексеруге қатысты. Бұл лауазымды тұлғалар атауларының заңнамалық өзгерістеріне байланысты», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

«Халықаралық шарттар туралы» заңға сәйкес Хаттама ратификациялауға жатады.

«Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды», - деді министр.

Қаралып отырған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

Хаттама Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшыларына, Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігінің басшысына, сондай-ақ Армения Республикасы Премьер-Министрі күзет қызметінің бастығына қатысты кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босатуды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуді көздейді. Армения Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты бұл мәселеге Армения Республикасы 2017 жылғы 22 тамызда комиссия кеңесінің отырысында бастамашылық етті.


Соңғы жаңалықтар