Мәжілісте дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мен энергия үнемдеу тақырыбында Үкімет сағаты өтуде

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энерия үнемдеу» тақырыбында Үкімет сағаты өтуде. Басқосуда ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов баяндама жасады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қазіргі кезде 1 мың 543 реттелетін қызметтерді жүзеге асырады. Бұның ішінде су кәрізі жүйелерінің саласында - 808 қызмет, электр энергетикасы саласында - 447 қызмет, мұнай мен газды тасымалдау саласында - 51 қызмет, көлік саласында  230 реттелетін қызмет көрсететін 1 мың 14 табиғи монополия субектісінің қызметі тарифтік және техникалық  реттеуге жатады. Бұдан басқа, агенттік 400 доминант субъект және 15 мемлекеттік монополия субъектісі бойынша баға белгілеу функцияларын да жүзеге асырады», деді Нұрлан Алдабергенов. Төрағаның айтуына қарағанда, Агенттік сумен жабдықтау, темір жол көлігіндегі іс жүзінде бүкіл саланы, электр энергетикасы, жылумен жабдықтау саласында қызметтердің түпкілікті құнының 40-60 пайызға жуығын реттеуді жүзеге асырып отыр.

«Үкімет алға қойған міндеттерге сәйкес, Агенттік іске асырып отырған тарифтік саясаттың негізгі бағыттары   дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру және энергияны үнемдеу болып табылады. Осы ретте Агенттік дағдарысқа қарсы шаралардың басым бағыттарын анықтаған болатын. Атап айтқанда, бұл бағытта орташа және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін табиғи монополия субъектілерінің санын ұлғайту, шикізат пен материалдар шығысының нормаларын оңтайландыру, әкімшілік шығыстарды қысқарту жұмыстарына баса назар аударылады. Сонымен бірге, агенттік өзінің басым міндеті ретінде энергияны үнемдеу жұмыстарын да жетілдіре түспек. Бұл ретте энергия мен судың нормативтен тыс ысыраптарын жою, электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізу басты мақсатқа айналып отыр», деді Н. Алдабергенов.

Соңғы жаңалықтар