Мәжілісте Адам Дамуы туралы Ұлттық есептің таныстырылымы өтті

None
None
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Оқшауланудан теңдікке қарай: Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру» атты 2009 жылғы Адам Дамуы туралы Ұлттық Есептің таныстырылымы болып өтті.

Шара Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы және «Нұр Отан» ХДП Әлеуметтік кеңесі фракциясының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған стратегиялық құжат еліміздің маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың - мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға, олардың проблемаларын шешу перспективасына арналып отыр. Сонымен бірге, 2009 жылғы Адам дамуы туралы Ұлттық Есептің тақырыбы әлемде мүгедектік және мүгедектер проблемасына қатысты жүріп жатқан ғаламдық өзгерістермен байланыстырылған. Өйткені, қазіргі таңда мүгедектерге қайырымдылық тұрғысынан бірте-бірте бас тарта отырып, адам құқықтарына негізделген жаңа тұжырымдама пайдасына көшу үрдісі байқалуда.

«Бүгінгі күні Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны әлемнің 71 елі бекітіп, 143 елі қол қойған. Қазақстан өткен 2008 жылдың желтоқсанынан бастап мүгедектік саласында адам құқықтарын қайта жаңғыртуға қажеттінің барлығын жасауға ниет білдірген елдердің қатарына қосылып отыр. Осының өзі мемлекет тарапынан саладағы проблеманы шешуге бағытталған оң қадам болып табылады», деді еліміздегі БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Хаолянь Шу.

Жиынды ұйымдастырушылар жұртшылықтың назарын мүгедектердің және олардың отбасының проблемаларына, қадір-қасиеттерін, құқықтарын қорғауға аударды.

 Адам Дамуы туралы Ұлттық есеп Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің техникалық қолдауымен әзірленген.

Соңғы жаңалықтар