USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мәжілісте 2010 жылдан бастап жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік беретін жоба талқыланды

2009 жылғы 13 қазан 13:42
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Жиында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасы Қазақстан Президентінің Жарлығымен бекітілген еліміздің Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау мақсатында әзірленген. Құжаттың негізгі міндеті - субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, субъектілердің активтеріне күрделі инвестициялық салымдарды ұлғайту үшін жағдайлар жасауға және олардың инвестициялық тартымдылығын көтеруге бағытталған реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

Заң жобасы 2010 жылғы қаңтардан бастап өңірлік электр желілік компаниялар үшін салыстырмалы талдау әдісін енгізуді, реттелетін нарық субъектілері үшін икемді баға саясатын көздеуді, сондай-ақ тұтыну көлемдері бойынша сараланған тарифтерді қолдану жөніндегі тетіктерді көздеуді ұсынады. Бұл ретте құжатта суды тұтынудың көлеміне қарай оған жаңа тарифтер белгілеу шаралары қарастырылады. Заң жобасын қабылдау энергия үнемдеу және тұтынушылардың су ресурстарын ұтымды пайдалану, желілерді жаңғырту мен қайта құруға қосымша инвестициялар тарту және өңірлік электр желілік компаниялардың қаражатын босату мәселелелерін шешуге ықпал етеді. Мәселен, құжаттағы қамтылған нормалар күшіне енсе, тұтынушылар да суды үнемдеуге тырысатыны айқын. Ал жеке хауызы немесе көлік жууға арналған орны бар, яғни суды коммерциялық мақсаттарға пайдаланатын тұтынушылар энергияны көбірек пайдаланатын болғандықтан қаражатты да көбірек төлейді.

Бұдан басқа, ұсынылып отырған түзетулер тауар нарықтарындағы бағаларды мемлекеттік реттеу тиімділігін арттырады және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауға ықпал ететін болады. Сондай-ақ тарифтердің күнтізбелік жылдан бастап енгізілетінін назарға ала отырып, 2010 жылдан бастап жаңа тарифтік саясатты енгізуге мүмкіндік береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT