Мәжілісмендер жарты жылда «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында 400-ге жуық адамды қабылдады

None
None
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылдың басынан бері Парламент Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауларында 380 азаматты қабылдады.

Бұл туралы бүгін партияның Орталық аппаратты қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мәлім етті.

«Жалпы, партияның барлық деңгейлеріндегі қоғамдық қабылдауларында 2 мың 794 қабылдау жүзеге асып, 8 425 адамның өтініші қаралған», - дейді Ж. Жүкенов.

Оның айтуынша, шалғайдағы елді мекендерде тұратын азаматтар тарапынан көтерілген проблемаларды оңтайлы шешу мақсатында, партия филиалдарының қызметкерлері 787 қоғамдық қабылдаулардың көшпелі жиынын өткізген. Атқарушы орган өкілдері де бірге қатысқан мұндай шаралар барысында 10 258 азаматтың шағымдары қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар