Мәжілісмендер ШҚО-да болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының өңірлердегі сапарлары жалғасуда. Халық қалаулылары Жанат Жарасов, Ерсұлтан Бектұрғанов және Тарас Хитуов Шығыс Қазақстан облысындағы сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ауыл тұрғындарымен кездесуде депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауын талқылап, әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл аударды.  Олар - зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы  мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімдігі. Тұтастай алғанда азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Одан әрі депутаттар «Үлбі металлургиялық зауытының» ұжымымен кездесті. Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қажеттіліктерге арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіретін өнеркәсіп ТМД аумағындағы ірі кәсіпорын болып табылады.

Мәжіліс депутаттары еңбек ұжымымен кездесуде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, балаларға арналған спорт секциялары сияқты көптеген мәселелерді талқылады.

Өскемен қаласында Берік Дүйсенбинов Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен, кәсіпкерлермен және  қоғам өкілдерімен кездесті.  

Жолдауда айтылған міндеттерді «Ақ жол» партиясы қолдайтынын жеткізген депутат, салық саласындағы біршама сұрақтарға жауап берді.

Мәжіліс депутаттары Ирина Унжакова және Павел Казанцев Қарағанды облысының Осакаровка ауданына барды.



Есіл ауылындағы жастармен кездескен халық қалаулылары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны туралы айтып, агроөнеркәсіп кешенінің келешегіне назар аударды.

Мәжілісмендер жүздесу барысында көтерілген проблемалардың барлығы  бақылауға алынатынын жеткізді.

 

 

Соңғы жаңалықтар