Мәжілісмендер мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатты мақұлдады

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламен ті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының басты мақсаты мемлекеттік жоспарлау саласында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, іске асыру және оңтайландыру үшін бірыңғай құқықтық жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік жоспарлау жүйесі бірқатар құжаттардан тұрады. Атап айтқанда, олар: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған даму жоспары, еліміздің аумақтық кеңістігі дамуының болжамды схемасы, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, басқа да мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, аумақтардағы дамыту стратегиясы, салалық бағдарламалар мен республикалық және жергілікті бюджет және т.б.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі қағидаты бірыңғай мемлекеттік жоспарлау саласындағы заңнамалық біртұтастық болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе барысында қолданыстағы заңнамадағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес келмейтін, кейбір жағдайларда тіпті қайшы келетін нормалардың бар екені анықталған. Атап айтқанда, кейбір заңнамаларда қандай да бір мәселелер бойынша жалпы мемлекеттік, өңірлік, республикалық сектораралық және басқа бағдарламалар әзірлеу қарастырылған. Осыған орай, Елбасы қолданыстағы заңнамалардан мемлекеттік органдарды стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге міндеттейтін нормаларды алып тастауды тапсырған болатын.

Жалпы алғанда заң жобасымен кейбір заңнамалық актілерді мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру мүмкіндігі көзделген.

Соңғы жаңалықтар