Мәжілісмендер кездесу барысында «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Нұрлан Әбдіров пен Анатолий Маковский Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында осы өңірдің тәртіп сақшыларымен кездесті. Онда «Ішкі істер органдары туралы» заң жобасында көрініс тапқан жаңалықтар жайында сөз болды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында, халық қалаулылары ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында енгізілген жаңалықтармен таныстырды. Атап айтқанда, аталған сала өкілдері қосымша әлеуметтік кепілдемелерге ие болады. Тұрғын үй мәселесі өз шешімін табады. Депутат Нұрлан Әбдіров өз сөзінде заңда алғаш рет ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмыс кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз етілетіндігі туралы қағиданың енгізілгенін айтты. Ал баспанаға қол жеткізілгенше жалдау құны төленетін болады.

«Сондай-ақ, полицейлер мен күзет агенттігі қызметкерлері травматикалық қарулармен қамтамасыз етіледі. Мемлекет оларды жеке азаматтардан сатып алады. Ол үшін бюджеттен 2 млрд-тан астам қаржы қаралып отыр», - деді депутат.

Соңғы жаңалықтар