Мәжілісмендер аймақтарға аттанып, сайлаушылармен жүздеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 30 сәуірден бастап мамырдың 6-сына дейін Мәжіліс депутаттары ел аймақтарына аттанып, сайлаушылармен кездесулер өткізетін болады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жүздесу барысында халық қалаулылары Президент Жолдауының басымдықтары жайында жұртшылықпен әңгімелесетін болады. Бұдан бөлек, Парламенттің заң шығармашылық қызметіндегі жаңалықтар жайында сөз болады деп жоспарланған. Депутаттар сапар барысында әсіресе, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларына ерекше назар аудармақ. Елбасының ауыл мен қаладағы шағын кәсіпкерлікті дамыту, микронесие, жұмыспен қамтудың жол картасы секілді маңызды бағыттағы тапсырмалары жайында әңгіме өрбімек», делінген баспасөз баянында.

Депутаттармен кездесу тек облыс пен аудан орталықтарында шектеліп қалмайды, сапар шағын қалалар мен шалғай ауылдарда да жүзеге асатын болады. Сонымен қатар мәжілісмендер сапар аясында еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырып, өнеркәсіп пен әлеуметтік сала нысандарын аралайды, мектеп пен жоғары оқу орындарының өкілдерімен жүздеседі.

Сондай-ақ көптеген ірі елді мекендерде халық қалаулыларының қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылады деп күтілуде. Онда өңір жұртшылығы өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, депутаттарға тікелей сауал қоя алады.

Соңғы жаңалықтар