Мәжілісмендер Алматыда бірқатар кездесулер өткізді

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс депутаттары Гүлмира Исімбаева, Айгүл Соловьева, Ольга Шишигина Алматы қаласының еңбек ұжымдарында сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Атап айтқанда, бүгін Мәжіліс депутаттары «Алматы көпір құрылысы» зауытында болды. Ондағы жүздесуде азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесінің және әлеуметтік жағдайдың шешімі жайы әңгіме өрбіді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Құрылғанына жарты ғасыр болған «Алматы көпір құрылысы» зауыты - қазіргі таңда Қазақстан бойынша 80 пайыз заманауи үлгідегі көпір тіреуіштерін жасайтын жалғыз кәсіпорын. Өткен жылы кәсіпорын ел қазынасына салық есебінен 600 млн. теңге құйған. Зауыт еліміз үшін маңызды «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының құрылысына да сүбелі үлес қосуда. Жұмысшылардың 70 пайызы, яғни 590 адам әйелдер құрайды.

Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылары депутаттарға өздерін толғандыратын мәселелер төңірегінде сауалдар қойып, нақты жауап алды. Ал депутаттар өз кезегінде заң шығармашылығы қызметінің нәтижелерімен таныстырды.

Сонымен бірге ҚР Мәжіліс депутаты Гүлмира Исімбаева Медеу ауданының «Думан» ықшам ауданындағы №166 балабақшасында кездесу өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбсары Б.Мұстафин, «Нұр Отан» ХДП Медеу аудандық филиалының бірінші төрағасы Д. Айнақұлова, №166 балабақшасының меңгерушісі Р. Ималова және аудандық мектепке дейінгі білім мекемелерінің басшылары, ата-аналары қатысты. Шара барысында Г.И. Исімбаева балабақшаның тыныс-тіршілігімен танысып, ұжымымен және ата-аналармен сұхбат жүргізді.

Соңғы жаңалықтар