Мәжілісмен Семейден шөбересіне пима алып қайтты

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейге жұмыс сапарымен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Қалаға жұмыс сапары барысында Владислав Косарев «Роза» киіз басу комбинатына барды. 1991 жылы құрылған кәсіпорынның өнімдері бүгінде Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де сұранысқа ие. Дегенмен биыл шығарылатын өнім көлемі азайған. «Роза» ЖШС  директоры Альбина Ахметованың айтуынша, бұған шикізаттың жеткіліксіздігі себеп.

«Көпшілігі малдың жүнін жеке кәсіпкерлерге өткізеді. Себебі, оларға тиімді. Біріншіден бағасы бізбен салыстырғанда бірнеше есе жоғары. Өйткені олар тек салық қана төлейді. Ал біз жеке серіктестік болғаннан кейін мемлекеттік салықтар мен міндетті төлемдерді төлейміз. Әрине, бұл шикізаттың сатып алу бағасына әсер етеді»,-дейді Альбина Ахметова. 

Сонымен қатар, өнім көлемінің төмендеуіне өңір шаруа қожалықтарының ірі қара мал санын арттыруы себеп болғанын алға тартты серіктестік директоры. Ұсақ мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың саны азайған соң, мал жүні де аз. Сондықтан ұсақ мал шаруашылығын дамыту үшін қожалық иелеріне қолдау керек екенін айтты. Өз кезегінде Владислав Косарев ұсыныс-пікірлерді ескеретінін жеткізді.

Дегенмен, кәсіпорын жұрттың сұранысына, талапқа сай, түрлі сәндік үлгідегі пималар мен етіктер тігуді жалғастыруда. 2014 жылы қайта жаңғыртудан өткен кәсіпорын жабдықтарының бүгінде 90%-ы жаңартылған. Нәтижесінде сапалы, заманауи ерлер мен  әйелдерге, балаларға арналған етіктер мен пиманың түр-түрі тігіліп, сатылымға шығарылып жатыр.  

Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан Владислав Косарев өнімнің жоғарғы сапасын бағалай келе, өзінің шөбересіне пима сатып алды. 

null 

Соңғы жаңалықтар