Мәжілісмен Алматыда қоғамдық қабылдау өткізді

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының кеңсесінде қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Сайлаушылармен болған кездесулердің басты тақырыбы - Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауы болды. Азаматтарды қабылдау барысында жұртшылық тарапынан түрлі мәселелер көтерілді. Мәселен, жалғыз басты ана Сандуғаш Серікқали тұрғын үй кезегінен заңсыз алып тастағаны туралы мәселемен келсе, Алатау, Ұлжан ықшам аудандарының бір топ тұрғыны газ құбырын орнату қымбатшылығы мен қиыншылықтары және су құбыры апатына қатысты орын алған жергілікті мекемелердің жауапсыздығы туралы арыздарын айтты. Бұдан бөлек, жалған кәсіпкерлікке ұрынған 53 автокөлікке тапсырыс берушілердің құқықтары мен құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі туралы мәселелер қаралды.

Халық қалаулысы өз тарапынан құқықтық көмек көрсетілетіндігін, құзырлы органдарға арнайы сұраулар жолдап, фракцияда тиісті деңгейде мәселелерді күн тәртібінде қарайтындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар