Мәжілісмен «Алатау» ИТП-ның жұмысын сынға алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінде арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтарға арналған заң жобасын таныстырылды. Сол кезде депутат Бақтияр Мәкен «Алатау» паркінің мәселесін тағы көтерді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы он жыл бойы «Алатау» инновациялық теxнологиялық паркінен жаңалық шыққан жоқ. Ешқандай нәтиже көрінбейді. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылды деп жатыр. Дегенмен, бүгінгі заң жобасы қабылданса, жауапкершілікті күшейту керек деп ойлаймын. Ол жерде отырған адамдарды қуу қажет. Өйткені олар мүлдем жұмыс істемейді!», - деді Б.Мәкен. Осы орайда депутат Алматыдағы жұмысын еске алды. Оның айтуынша, сол кездің өзінде  «Алатау» инновациялық теxнологиялық паркі көзбояушылықпен айналысты. «Әлі есімде, әдемі стендтерді көрсетіп, біраз жетістіктерге жеттік деп мақтанады. Міне, инновациялар дейді. Теледидардан да көрсетіп жатады. Артынан ешқандай жауапкершілік болмайды», - деп атап көрсетті Б.Мәкен.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров «Алатау» ИТП-ның қызметін түсіндіріп беруге тырысты. «Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек, инновациялық теxнологиялар паркінің орны бөлек. Оған қатысты арнайы заң да бар. Дегенмен, инновациялар аспаннан түспейді. Оны іске асыру үшін біраз уақыт қажет. Бір инновациялық өнімді өндіріске енгізуге ұзақ уақыт кетеді. Негізі, «Алатау» ИТП-дан шыққан инновациялар бар. Біз барлық ақпаратты ұсынуға дайынбыз», - деді Е.Қайыров.

Айта кетейік, Индустриализация күніне арналған жалпыхалықтық телекөпір кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Алатау" теxнопаркін тексеруді тапсырған болатын. 

Соңғы жаңалықтар