Мәжіліске депутат болып беделді қоғам қайраткерлері келді - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтындағы Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Мәдина Нұрғалиева «Nur Otan» партиясы атынан Мәжіліске депутат болып бекітілген адамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тізім елеулі түрде жаңарғанын байқадық. Жаңа адамдар келген. Осы орайда Мәжілісте көтерілетін мәселелерге айтарлықтай ықпал ете алатын қоғам қайраткерлері бар», - деп тоқталды сарапшы.

М. Нұрғалиеваның айтуынша, «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізіміндегі Ерлан Сайыров, Айдос Сарым, Қанат Нұров сияқты азаматтар сарапшылар қоғамдастығында үлкен беделге ие. Олар бірқатар салмақты бастамаларымен елдің дамуына үлес қосып келеді.

«Бұл адамдар қоғамдағы мәселелерді өте жақсы біледі. Олар өте сауатты әрі патриот азаматтар. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін әрекет ететін осындай адамдардың нәтижелі еңбегін көреміз деген ойдамын. Мәжілісте депутат ретінде жұмысына кірісе отырып, олар ел үшін күш-жігерін салатын қоғам қайраткерлері», - деді Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетейік, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды.

Депутаттыққа кандидаттардың 7-уі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.


Соңғы жаңалықтар