Мәжіліс жұмылдыру дайындығы мәселелеріне арналған заң жобасын мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы әскери доктринасында жұмылдыру дайындығының бірқатар негізгі міндеттері айқындалған. «Біріншіден, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың дайындығы жүйесін жетілдіру. Екіншіден, мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін арттыру. Жұмылдыру дайындығының негізгі міндеттерінің бірі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп осы заң жобасын әзірледі», деді Ұлттық экономика министрі. Оның айтуына қарағанда, заң жобасында «мемлекеттік органдардың жұмылдыру жоспары», «әкімшілік аумақтағы жұмылдыру жоспары» деген ұғымдар бекіту бөлігіне өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, құжатта «тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары» деген ұғымдар бөлігіне өзгерістер енгізіліп отыр.

Министрдің сөзіне қарағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Үкімет жұмылдыру дайындығының әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын және Қарулы күштердің, басқа да әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру шараларын ұйымдастырады. «Іс жүзінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган 2006 жылдан бері жыл сайын мемлекеттік органдармен Үкімет бекіткен оқу жаттығуларды жүзеге асырып келеді. Осыған орай, мұндай оқу жаттығу жұмыстарын жүргізу бойныша уәкілетті органның құзыреті кеңейтілетін болады», - деді министр Ерболат Досаев. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.

Соңғы жаңалықтар