Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Жол жүрісі туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат жол қозғалысын тиімді ұйымдастыруды арттыруға, жол қозғалысы үдерістерін басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге бағытталады. Заң жобасында мүдделі мемлекеттік органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құзыреті мен міндеттері айқындалады. Бұдан бөлек, заң жобасы аясында елімізде жол қауіпсіздігі аудит институтын енгізу көзделеді. Аталмыш институт адами фактордан болатын жол апаттарын азайтуға септігін тигізбек.

Аудит институты негізінен дер уақытында өзгерістер енгізу үшін жобалау кезеңінде немесе құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жолдың техникалық жобасындағы қауіпсіздік қаупін анықтауға мүмкіндік береді. Ал сараптама барысында ұсынылатын жаңа немесе жаңартылған жол ашылғаннан кейін оны пайдалану деңгейі бағаланады.

Соңғы жаңалықтар