Мәжіліс жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу туралы заң жобасын қарайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісте бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы шешім қабылданды. Соның ішінде заңнамаға әскери-партиоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң боасы бар.

«Бұл заң жобасын Парламент депутаттарының тобы бастамашылық етіп, әскери-париоттық ұйымдарды тарта отырып, азаматтарды, оның ішінде мектеп оқушылары мен жастарды әскери-патриоттық тәрбеиелеу жөніндегі жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін құқықтық ая құру үшін әзірлеген. Комитет осы заң жобасын қарастырып, қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан палатаның жалпы отырысында.


Кадр из видео
Соңғы жаңалықтар