Мәжіліс ядролық қаруға тыйым салатын құжатты қарап жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті  Мәжілісі «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған шартқа 2017 жылғы 7 шілдеде Нью-Йорк қаласында қол қойылған болатын. Бұл халықаралық шарттың басты мақсаты - ядролық қаруды жасауға, сынақ жүргізуге, сатып алуға, тасымалдауға және қолдануға тыйым жөніндегі заң жүзінде міндеттейтін құжатты қабылдау. Сонымен бірге, ядролық мемлекеттерді қарусыздануға қатысты өз міндеттеріне мұқият қарауға мәжбүрлеу, БҰҰ жарғысының мақсаттары мен ұстанымдарын жүзеге асыруға үлес қосу тұрғысында ядролық қаруды толығымен жоюға қол жеткізу ескерілген», - деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман.

Осы орайда ол Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға дайын екенін, құжат бойынша 2019 жылдың 27 қарашасына дейін қорытынды әзірлейтінін атап өтті.

Айта кетейік, Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт 2017 жылғы 7 шілдеде  БҰҰ-ның 122 мүше-мемлекетінің қолдауымен қабылданды. Бұл құжат 2017 жылдың наурыз және маусым-шілде аралығында Нью-Йорк қаласында өткен Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ конференциясының екі сессиясының қорытындысы негізінде пайда болды.

 

Соңғы жаңалықтар