Мәжіліс Ұлттық қордан бөлінетін 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт мөлшерін белгіледі

None
None
АСТАНА.  Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған құжат Ұлттық қордан 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекітуді көздейді. Бұл ретте 2009 жылға арналған болжам деректері ескеріліп, 2010 жылға арналған кепілдендірілген трансферт мөлшері 1 трлн. 75,7 млрд. теңге көлемінде немесе 2008 жылдың соңындағы Ұлттық қор активтерінің 32,4 пайызын құрайтын шамада белгіленді. Сонымен бірге, Ұлттық активтерін басқарудан түсетін инвестициялық табыстың орташа деңгейі 2010 жылы 187,9 млрд. теңге, 2011 жылы 203,6 млрд. теңге деңгейінде бекітілді. Осы параметрлер ескерілгенде 2011 жылға арналған Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің сомасы 1 трлн. 171 млрд. теңгені, ал 2012 жылы 1 трлн. 266 млрд. теңгені құрайды деп болжануда.

 Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар