Мәжіліс Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң жобасын жұмысқа алды

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасын өндіріске алды.

Құжат Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталады. Бұл реттте заң жобасында кәсіпкерлік субъектілерін шоғырландыру, егеменді Қазақстанның инновациялық экономикасында, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік пен алдағы ДСҰ кіру аясында олардың ұтқырлығын пайдалануы және сондағы өз орнын пайымдауы қарастырылады.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің, мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылдың, кәсіпкерлік қоғамдастығын қалыптастыру үдерісіне кәсіпкерлік субъектілерін тарту мен оларды қамтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар