Мәжіліс Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң жобасын мақұлдады

None
None
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат Мемлекте басшысының былтырғы жылғы Жолдауында жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған. Онда Елбасы халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, кәсіпкерлерді палаталарға топтастыруды тапсырып, оның экономика тиімділігнің маңызды факторы болатынын, осылай істелген жерде «мықты бизнес -мықты мемлекет» қағидасы жүзеге асатынын атап өткен болатын. Бұл ретте құжаттың мақсаты Қазақстанда кәсіпкерлік сектордың өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру болып табылады. Заң жобасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін шоғырландыру, мемлекеттік экономикалық саясатты әзірлеу және іске асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарымен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру арқылы бизнес мүддесінің ескерілуі қамтамасыз етілмек.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, заң жобасына сәйкес, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының континентальдық (еуропалық) үлгісі қалыптасады. Бұл кәсіпкерлердің жалпыға бірдей мүшелігіне негізделмек. Ал мұндай континентальдық үлгі Франция мен Германияда дүниеге келген. Қазір көптеген еуропалық елдерде осы үлгі табысты іске асып келеді.

Бірінші оқылымда тұжырымдамалық түрде мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірленетін болады.

Соңғы жаңалықтар