Мәжіліс Үкімет ұсынған 2010 жылғы бюджеттің шығыс бөлігін 200 млрд. теңгеге көбейтті

None
None
анның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ол бойынша депутаттар 2010 жылғы бюджет шығыстарын 200 млрд. теңгеге көбейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келер жылғы бюджетті талқылау барысында депутаттар жобаның шығыс бөлігін 200 млрд. теңгеге ұлғайтуға қатысты 233 түзету енгізді. Әрине, қазіргі дағдарыс жағдайды ескерсек, депутаттардың ұсынған барлық ұсыныстарын қабылдауға мүмкіндік жоқ екені белгілі. Дегенмен біз кеңейтілген отырыстарда, жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, келесі жылдың бюджетінде шешуге болады деген маңызды шараларды айқындадық. Нәтижесінде, Үкіметтің резерві 19,3 млрд. теңгеге қысқартылды», деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б. Сұлтанов.

Бюджет шығыстарының артуы бойынша қаражаттар негізінен Астана қаласын Есіл өзенінен жайылатын судан қорғауға - 1,4 млрд. теңге, сумен жабдықтау нысандарына - 10 млрд. теңге, автокөлік жолдарын салу мен қайта жөндеуге - 5 млрд. теңге, ҚР Парламентінің автотұрақ құрылысын жалғастыруға 250 млн. теңге және басқа да шараларға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар