Мәжіліс төрағасы референдумда дауыс берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордадағы N110 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Палата спикері Ерлан Қошанов та елорда тұрғындарымен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

N110 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Замир Серіковтің айтуынша, мұнда 2818 адам дауыс беруші ретінде тіркелген.

«Біздің учаскеге таңғы сағат 7.00-де он шақты адам келіп дауыс беруді бастады. Қазіргі қарқынға қарағанда сағатына 50-100 адамнан келіп жатыр. Алғаш болып дауыс берген үш адамға сыйлық табыстадық. Жергілікті, халықаралық байқаушылар да таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыстарына кірісті», —деді З.Серіков.

Айта кетейік, осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Референдумға баратын қазақстандықтар мына дүниелерді білуі керек.

Кеше референдум алдындағы «тыныштық» күні болды.


Соңғы жаңалықтар