Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Түркия Президенті Абдолла Гүлмен кездесті

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Анкарада өтіп жатқан Түркітілдес елдері Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің аясындағы шаралар шеңберінде Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлмен кездесті.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында Түркия Президенті Абдолла Гүл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларының күллі түркі әлеміне маңызы зор екендігін баса айтып, еліміздің жетістіктерін ерекше бағалады. Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы өзекті мәселелерге қатысты көзқарастарын білдірді. Олар түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін өркендетуге ерекше мән берді.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин мен Абдолла Гүл ТүркПАА түркілердің бірігуі мен тығыз байланыста болуына арналған үнқатысу алаңына айналғанына ерекше мән берді.

Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен құрылғанын айтып,бүгінде түркі халқына стратегиялық серіктестік жолында жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасап отырғанына тоқталды.

« ТүркПА шеңберінде парламентшілер түркі өркениетінің мәдени мұраларын сақтауға ғана күш салып қоймайды,түркітілдес елдердің бүгінгі заман әлемінде рөлі арта түсуіне одан ары қарай қызмет етеді»,- деп Нұрлан Нығматулин атап өтті.

Тоқтала кететін жайт, биыл Ассамблеяға төрағалық жасау Түркия жағына өткен болатын. Мәжіліс спикері Түркия тарапын осы бір маңызды оқиғамен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар