Мәжіліс төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды

Фото: Фото: parlam.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің жалпы отырысында палата Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

«Сегізінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағалығына Қазақстанның мемлекет әрі саяси қайраткері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты ұсынамын», - деді Б. Ізмұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар