+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Мәжіліс төрағасы қытайлық әріптесімен кездесті

2019 жылғы 22 қыркүйек 12:05
Бөлісіңіз:
Мәжіліс төрағасы қытайлық әріптесімен  кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаншумен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Палата Спикері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай басшылығы негізін қалаған елдеріміз арасындағы сенімд і саяси диалог, тығыз экономикалық байланысқа айрықша назар аударды.

Сондай-ақ, Н. Нығматулин Қытайға тұңғыш мемлекеттік сапары кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин арасында жасалған келіссөздер Қазақстан мен Қытай қатынасын мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне жеткізгенін жәнебіздің мемлекеттеріміз ынтымақтастығында жаңа тарихи кезең басталғанын атап өтті.

Өз кезегінде мәртебелі мейман қос мемлекет арасындағы ынтымақтасық деңгейін өте жоғары бағалады. Ли Чжаньшу Қытай келешекте де өз даму жолы бар Қазақстанның гүлденуіне ниеттес бола отырып, алдағы уақытта да біздің еліміздің халықаралық аренада салмақты рөл атқаруына қолдау көрсететіндігін жеткізді. Осы ретте Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы жақында мемлекеттер басшылары қол қойған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеменің маңыздылығына тоқталды.



Мәжіліс төрағасы екі ел ықпалдастығын одан әрі тереңдетуде парламентаралық байланыстың маңызы зор екенін айтты. Осыған орай, тараптар заңнамалық, әсіресе, реформалар мен инновациялық дамуды құқықтық қамтамасыз ету бағытында тәжірибе алмасуға келісті.

Кездесу барысында Н. Нығматулин Ли Чжаньшу бастаған делегация сапары елдеріміздің көпжақты әріптестігі мен тату көршілікті нығайтуға ерекше ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс төрағасы ресми сапардың Қытай Халық Республикасы құрылуының 70 жылдық мерейтойымен сәйкес келгенін алға тартып,достас Қытай еліне өркениет пен бақ-береке тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT