Мәжіліс төрағасы ет импортына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы тауарларына негізделген өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде ет және сүт өнімдерін өндіруді, экспорттауды дамыту тақырыбындағы парламенттік тыңдауда палата спикері Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс төрағасы ет және ет өнімдері импортының өсімі алаңдаушылықты туындатып отырғанын айта келе, «құс еті импортының үлесі 51 пайыздан астам. Өткен жылы оның көлемі 191 мың тонна болса, үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 160 мың тоннан астам еді. Соңғы үшін жылда жылқы етінің импорты да артып келеді. Мәселен, 2016 жылы жылқы етінің импорты 900 тонна болса, 2018 жылы бұл көлем 2,5 есе артып, 2 мың тоннан асты. Атап айтқанда, сыртқы нарықта ірі экспорттаушыға айналу үшін елімізде барлық жағдай бар екенін білесіздер», - деді.

Осы орайда Н. Нығматулин өңдеуші кәсіпорындар жүктемесі төмен екенін атап өтті. Қазіргі кезде еттің тек 33 пайызы, сүттің 31 пайызы қайта өңдеумен қамтылуда. Өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 60 пайыз деңгейінде қалып отыр. Ал Ресей мен Беларусьте осы тектес кәсіпорындардың жүктемесі 80 пайыздан асты. Сәйкесінше, аталған елдер ет және сүт өнімдерін Қазақстанға шығаруда.

«Жыл сайын біз 6 мың тоннадан астам сары майды, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбені, 6 мың тоннадан астам ет консервілерін импорттаудамыз. Бұл өнімді біздің өңдеуші зауыттар өндіруге тиісті ғой», - деді ол.

Осы орада Мәжіліс спикері шағын өндірушілерді қайта өңдеуші кәсіпорындармен байланыстыратын дайындаушы ұйымдардың желісін құруға барынша қолдау жасау керектігін жеткізді. Атап айтқанда, дайындаушы ұйымдар үшін қосылған құн салығын субсидиялаудың тұтас тетігі бар.

Мұнымен қоса, Н. Нығматулин ветеринарлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беру керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар