+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Нығматулин Мәжілістің биылғы сессиясын қорытындылады

2018 жылғы 27 маусым 11:55
Бөлісіңіз:
Нығматулин Мәжілістің биылғы сессиясын қорытындылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті. Осыған орай, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл сессия Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. Ең бастысы, Президентіміз Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Сондықтан осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету біздің депутаттарымыздың бұл сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл жолда көптеген заңдар қабылданып, көптеген парламенттік шаралар өтті. Осының барлығы депутаттық корпустың Үкіметпен, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі», - деді Н. Нығматулин.

Атап айтқанда, осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселелер қаралды. Осы кезеңде Палата қарауында 128 заң жобасы болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Сонымен бірге, 18 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 21 көшпелі отырыс және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, 29 масымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессия қорытындыланып, алдағы жоспарлар белгіленетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT