Мәжіліс толық жаңарды – саясаттанушы Қазбек Майгельдинов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов Қазақстандағы Мәжіліс пен Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындысы туралы пікірімен бөлісті.

Сарапшы Парламенттің жаңа құрамы қол жеткізілген қоғамдық-саяси келісімнің нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау бірқалыпты, жақсы өтті. Бастапқыда-ақ сайлауды қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып өткізу жоспарланған. Бұл еліміздегі азаматтардың саяси сауаттылығы мен жоғары ұйымшылдығын білдіреді», - дейді Қазбек Майгельдинов.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары кезінде саяси партиялар мақсатты аудиторияға көңіл бөлген.

«7% шектен өте алмаған партиялар кез келген жағдайда аймақтардағы позицияларын нығайтады және аймақтық күн тәртібін құруға белсенді қатысады. Бұл сайлаудың басты артықшылығы - аймақтардағы партиялардың позицияларын нығайту және аймақтық саяси процестерді жандандыру. Биылғы сайлау науқанында біз үкіметтік емес сектор мен қарапайым азаматтардың сайлауды байқау үдерісіне зор қызығушылығын байқадық», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың бекітілген тізіміне қатысты ойын айтты. «Nur Otan» мен «Ақ жол» партиясы тізімді жариялап қойды.

«Жалпы Парламенттің жаңа құрамы қол жеткізілген қоғамдық-саяси келісімнің нәтижесі. Олар Президент реформаларының жаңа пакетін жүзеге асыруға тікелей қатысады. Бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді. Саяси реформалардың алғашқы пакеті өз жемісін берді. Мұның тағы бір дәлелі - тұрақты сайлау процесі. Шын мәнінде, барлық тізімдер жаңа келбетке ие. Бұл Парламент Мәжілісінің толығымен жаңарғанының басты көрсеткіші. Сонымен қатар, квотаның 30%-ы есебінен депутаттар құрамы жасарады. Мәжіліс мобильді және тиімді болуы керек», - дейді саясаттанушы.


Соңғы жаңалықтар