+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Мәжіліс ТМД елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құжатты мақұлдады

2020 жылғы 24 қараша 11:44
Бөлісіңіз:
Мәжіліс ТМД елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған құжатты мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хаттамаға 2019 жылғы 31 мамырда Ашғабат қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері қол қойды.

«Заң жобасын әзірлеу қажеттігі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жаңа Еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қойылуына байланысты туындады. Оның күшіне енуіне байланысты бірқатар халықаралық шарттар, соның ішінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісім өз әрекетін тоқтатты. Сондықтан жоғарыда көрсетілген Шартқа сәйкес келтіру мақсатында Қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімнің кіріспесіне өзгеріс енгізіледі», - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Екіншіден, жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес келтіру және бірыңғай «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін» белгілеу мақсатында келісімнің 2-бабы 2009 жылғы 20 қарашадағы атауы осындай Ережеге сілтемемен толықтырылды. Үшіншіден, Келісімнің 6-бабы жаңа редакцияда жазылды. Оның мәні – қажет болған жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды және кедендік операцияларды жүзеге асыру үшін жағдай жасап береді.

«Бұл тауарлардың өтуін жеделдетуге мүмкіндік береді әрі кеден органдардың бақылау уақытын қысқартады. Жалпы, заң жобасын ратификациялау тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізуді көздемейді. Хаттама ТМД қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге, тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге бағытталған.

Осы хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығынын қажет етпейді», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT