Мәжіліс террорзимге қарсы іс-қимылға бағытталған жобаны екінші оқылымда мақұлдады

None
None
анның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған заң жобасы 2007-2011 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы ережелерін орындау мақсатында әзірленген. Заң жобасы еліміздің қолданыстағы заңнамаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру, терроризмге қарсы іс-қимылдың анық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталып отыр. Бұдан басқа, құжат терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелерін іске асыруға және ұлттық заңнаманы үйлестіруге және бір ізге келтіруге бағытталады. Сонымен бірге,  құжатта осындай қауіпке қарсы тұрудың құқықтық негіздері жетілдіріліп, терроризммен күресудің тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін оңтайландыру шаралары көзделеді.

 Сондай-ақ заң жобасы терроризмнің алдын алуға және күресуге, оның салдарын жою мен барынша азайтуға бағытталған кешенді құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қамтиды. Бұндағы өзгерістерге сәйкес терроризмге қарсы операциялардың құқықтық тәртібі белгіленеді. Құжат бойынша Президенттің және Үкіметтің өкілеттілігі, терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметі мен міндеті анықталады.

 Бұдан бөлек құжатта терроризмге қарсы операцияның құқықтық тәртібі, сондай операция кезіндегі енгізілетін шаралар мен уақытша шектеулер айқындалады. Терроризм актісін жасаудың туындау қатеріне ден қоюдың оралымды және уақтылы болуын арттырып, лаңкестердің белсенді әрекеттерін болдырмау үшін жеке тұлғалар мен көлік құралдарын куәлердің қатысуынсыз-ақ қарап-тексерудің оңайлатылған тәртібі енгізіледі.

 Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар