Мәжіліс тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

None
None
анның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілді көлемін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілерді 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап енгізілгелі отырған  Бірыңғай ұлттық денсаулық  сақтау жүйесіне сәйкес келтіруге бағытталып отыр. Сонымен бірге, құжат пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын жүзеге асыруға, бірыңғай төлеуші қызметін жүзеге асыру үшін құқықтық негіз қалыптастыруға арналады. «Заң жобасын қабылдаудың бірқатар әлеуметтік-экономикалық нәтижелері болады деп күтілуде. Мәселен, ең алдымен құжатқа сәйкес медицина саласында тиімді әрі ашық басқару, мемлекеттік норматив аясында қайта құрылымдау  жүзеге асады. Сонымен бірге, кәсіби менеджмент институты енгізіледі әрі сыбайластықтың жолы кесіледі. Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық қамтамасыз ету жүйелері жетіліп, медициналық қызметтің үздіксіз сапасын арттыруға қол жететін болады. Сондай-ақ, заңды қабылдау нәтижесінде азаматтардың дәрігерді, емделетін орынды таңдауы мен көмек түрі үшін республиканың барлық аумағында тарифтердің бірыңғайлылығы бағытындағы конституциялық құқығы  қалпына келтіріледі. Денсаулық сақтау саласында нарықтық қатынастар енгізіліп, медициналық қызметтің мөлдірлігі қамтылады», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев. Оның айтуынша, жоба азаматтардың өмір сүру жасын ұзартып, ана мен бала өлімін, әлеуметтік мәнге ие болып отырған аурулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткішін төмендету секілді жағдайларды көздеп отыр. 

Парламент Мәжілісі заң жобасын тұжырымдамалы түрде бірінші оқылымда мақұлдады. Енді заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар