Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандары туралы заң жобасын мақұлдады

2019 жылғы 13 ақпан 12:07 262
Бөлісіңіз:
Мәжіліс тарихи-мәдени мұра нысандары туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тауарларды таңбалау қандай нәтиже береді ЖОО бітіргендердің көпшілігі судья болғысы келмейді - ҚР Жоғарғы сот төрағасы

«Бүгінде тарихи-мәдени мұра нысандарының саны 25 мыңнан асады. Сонымен қатар, «Киелі Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, алғаш рет тарихи-мәдени мұра қорын ауқымды жүйелендіру жүргізіліп, нәтижесінде жалпыұлттық маңызы бар 180 нысан мен жергілікті маңызы бар 456 киелі нысан тізімін қалыптастырдық. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде тарихи-мәдени қорды кең көлемде сақтау, түлету, дамыту және ілгерілетуді қамтамасыз ету талап етіледі», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Заң жобасында тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, зерделеу, сақтау, пайдалану және кеңінен таныту саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу жүйесін құру, сондай-ақ тарих пен мәдениет нысандарын анықтау, есепке алу, паспорттау, жүргізу көзделген.

«Осыған дейін атап өткенімдей, тарихи-мәдени мұра бүкіл әлемде әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекше факторы және ресурсы ретінде қаралады. Тарихи-мәдени мұра объектілері белсенді туристік айналымдарға енгізілген, олардың көбі әлеуметтік-экономикалық ортада мүліктік актив ретінде пайдаланылады және осы жағдайларға байланысты олардың сақталуын қамтамасыз ету өзекті де алғышартты мақсатқа айналып отыр. Осы Заң жобасын әзірлеу барысында Израиль, Италия, Франция, Ресей, Ұлыбритания және өзге елдердің тәжірибесі зерделенді. Заң жобасының басты мақсаттарына тоқталсақ, біріншіден, археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті лицензияландыру мәселелерін қатайту болып табылады. Екіншіден, алғаш рет осы жобамен археология және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жоспарлау тетіктерін енгізу қарастырылды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұра объектілері бойынша тарихи-мәдени сараптама жүргізу институтын ендіру ұсынылып отыр», - деді министр.

Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұра нысандарын тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану тәртібі айқындалды. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың оларды қорғау мен пайдалану саласындағы құзыреті бекітілген, сонымен қатар «Киелі объектілер» деген ұғым енгізіліп отыр.

Мұнымен қоса, тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жыл сайынғы жоспарлау жүйесін енгізу мақсатында заң жобасында тиісті жоспарлау мен оны есепке алу тетігін айқындау көзделеді. Археологиялық, сәулет, қала құрылысы және өзге де ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру тәртібі қарастырылған.

Айта кетейік, жалпы отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Аталған ілеспе заң жобасын палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Парламент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT