Мәжіліс спикері Қазақстанда ветеринарлық заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуді ұсынды

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат -Қазақстан аумағында санитарлық жағдайды жақсарту үшін ветеринарлық заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейту қажет.

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда сөз сөйлеген Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осылай мәлімдеді.

Спикер сөз арасында еліміздегі мал басының 80 пайызы жеке шаруашылық иелігінде екеніне назар аудартып, бұған байланысты аталған мәселелерді шешу үшін мақсатты жұмыстарды қолға алу керектігін тілге тиек етті.

«Мәселен, міндетті түрде ветеринария мамандарын, соның ішінде отандық және шетелдік сарапшыларды қатыстыра отырып, шетелден асыл тұқымды мал бастарын жеткізу қажет. Сонымен қатар, бүгінгі күні еліміздің аумақтарында ветеринарлық жағдайы да сын көтермей отыр. Бұл мәселені шешудің негізгі жолы - ветеринария жүйесін институционалдық нығайту, сондай-ақ ауру малмен күресудің қысқа, орта және ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдау болып табылады. Бұдан бөлек, малдың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу жұмыстары бойынша мемлекеттік монополия енгізу мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет. Ол үшін ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздік мәселелерін тиімді шешуге ықпал ететін мықты ветеринарлық бақылау болу керек. Сондықтан, Парламент депутаттары «Ветеринария туралы» Заңға ветеринария заңнамасын сақтамаған және бұзған лауазымды, заңды, жеке тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған бөліміне нақты ұсыныстар енгізетін болады», - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар