Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялардың тізімі бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің мандаттары үшін сайлауға 6 саяси партия түседі. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңының 12-бабы 2-1-тармақшасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды. ҚР «Сайлау туралы» конституциялық заңының 87-бабы 1-тармағына және 103-бабының 1-тармағына сәйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі», - деді ол Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ҚР-да 6 саяси партия тіркеліп, жұмыс істеуде. Бүгінгі күні барлық саяси партиялар заңнама аясында жұмыс істейді.

«Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Демек, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі. Оларды сайлауға жіберуден бас тартуға құқықтық негіздер жоқ», - деді Асылбек Смағұлов.

Сонымен, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы қаулыға сәйкес:

- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

- «Бірлік» саяси партиясы« қоғамдық бірлестігі;

- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі;

- «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;

- «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі сайлауға қатысады.


Соңғы жаңалықтар